Батыс Қазақстанда 37,8 млрд. теңгенің бөлшек тауары сатылды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы жеті айда 37,8 млрд. теңгенің бөлшек тауары сатылды, бұл өткен жылғыдан 10,9 пайызға кем,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Осының 57,2 пайызы базарлар мен жеке кәсіпкерлер, 42,8 пайызы сауда кәсіпорындарының үлесіне тиеді. Сондай-ақ сыртқы сауда айналымы биылғы алты айда 787,1 млн. АҚШ долларын құрады немесе 34,8 пайызға қысқарған. Мұның 301,4 млн. доллары экспорт болса (бұл 60,4 пайызға азайған), 485,7 млн. доллары импорттың еншісінде (өсім - 8,6 пайыз).

Соңғы жаңалықтар