Батыс Қазақстанда 35 мұғалімнен коронавирус анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ақпан айында 35 мұғалімнен коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, осы айда өңірде барлығы 1187 адамның коронавируспен ауырғаны тіркелді.

Үшінші тоқсан басталған 11 қаңтардан бері 197 оқушының індет жұқтырғаны белгілі болды. Соның ішінде 107-сі дәстүрлі сипатта, 90-ы қашықтан оқиды.

Коронавирустың таралуына тосқауыл қою мақсатында БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 8 ақпандағы қаулысына сәйкес бір адамнан коронавирус анықталған жағдайда сол

мектеп 14 күнге карантинге жабылады.

Облыста 8 ақпаннан бері 17 мектеп карантинге жабылды.

Соның 8-і Орал қаласында, қалғандары аудандарда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да инфекциялық стационарлардың 54,5 пайызға толғанын, жедел жәрдем қызметтеріне 20 реанимобиль сатып алынғанын жазған

болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар