Батыс Қазақстанда 274 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 274 280 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, бұл – жалпы жоспардың 66,2 пайызы.

Соның 263 704-і (63,6 пайызы) екінші компонентпен де егілді.

Қазіргі таңда облыста 50 430 доза І, 112 225 доза ІІ компонент бар.

Сондай-ақ 70 898 адам ревакцинациядан өтті.

Pfizer вакцинасын 10 905 адам қабылдаса, соның 5 645-і – жасөспірімдер, 417-сі – жүкті, 4 832-сі – бала емізетін әйелдер, 11-і – мүгедектер, екеуі – шетелде ем алуға жолдама алғандар.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, пандемия басталғаннан бері 49 652, соның ішінде биыл 9 582 адам коронавирус жұқтырды.

Соңғы тәулікте індетпен еш адам тіркелмесе, 132 науқас жазылып шықты.

Қазіргі кезде 448 төсектік 11 инфекциялық стационарда жатқан 4 науқастың біреуі ауыр халде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда инфекциялық стационарда 4 науқас қана қалғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар