+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда 240 адам коронавирусқа қарсы егілді

2021 жылғы 4 ақпан 19:37
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда 240 адам коронавирусқа қарсы егілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 240 адам коронавирусқа қарсы егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да 19 мыңнан астам бала Pfizer вакцинасын салдырды Теңіз кенішінде вакцина алғандарға қосымша ақша төленетіні туралы ақпарат жалған Фейк: «Баланы мектепке жібере отырып, ата-аналар оны COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға рұқсат береді»

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның ішінде 53 дәрігер, 161 орта және 21 кіші буын медицина қызметкері екпе алды.

Сондай-ақ облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 4 қызметкері егілді.

«Қазіргі кезде денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласы қызметкерлері егілуде. Наурызда мұғалімдерге, сәуірде мемлекеттік қызметшілерге кезек келеді», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Басқарма мәліметіне қарағанда, соңғы тәулікте 109, бір аптада 629 адам коронавирус жұқтырды.

Күні бүгін жұқпалы аурулар ауруханаларында 291, карантиндік стационарларда 22 адам ем алуда. 24 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Жыл басынан бері індет жұқтырған балалар саны 144-ке жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО әкімінің орынбасары мен бас мемлекеттік санитар дәрігерінің екпе салдырғанын, Оралда бір күнде 80 адамнан коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT