USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда 232 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды

2021 жылғы 21 қазан 14:12
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда 232 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 232 003 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысы неліктен «қызыл» аймаққа өтті - департамент түсінік берді Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды Алматыда 20 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасын алды

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, бұл - өңірдегі егілуге тиісті тұрғындардың 55,9 пайызы.

Соның 210 053-і екінші компонентпен егіліп үлгерді.

Өткен тәулікте облыс бойынша 730 адам бірінші компонентті қабылдады. Соның ішінде 76-сы - созылмалы сырқаты бар адамдар.

Басқарма мәліметіне қарағанда, өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус анықталса, 213 науқас жазылып шықты.

Соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, вирус жұқтыру көрсеткіші 12 пайызға төмендеді.

Күні бүгін 814 адам амбулаториялық, 232 науқас стационарлық ем алуда. Соның ішінде 20-сы ауыр халде.

Індет басталғаннан бері тіркелген 38 490 науқастың 31 497-сі емделіп шықты. 797-сі өмірден озды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирус жұқтырған 800-ден астам адамның амбулаториялық ем алып жатырғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT