Батыс Қазақстанда 209 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 208 595 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, бұл – өңірде егілуі керек тұрғындардың (360 мың) 57,9 пайызы.

Сондай-ақ 175 493 адам (48,7 пайыз) екінші компонентті салдырды.

Аумақтық бөліністер бойынша Жәнібек (І компонент – 72,0 пайыз, екіншісі – 62,8 пайыз), Тасқала (68,2 және 57,4 пайыз) аудандары алда келеді. Көш соңында Жаңақала ауданы (43,3 және 35,5 пайыз) тұр.

Орал қаласында егілуі керек 215 461 тұрғынның 110 263-і (51,2 пайыз) бірінші, 92 931-і (43,1 пайыз) екінші компонентті қабылдады.

Департамент мәліметіне қарағанда, облыс бойынша 16 320 педагог (қамтылу көрсеткіші – 103,96 пайыз) бірінші, 14 236-сы (90,68 пайыз) екінші компонентпен егілді. Сондай-ақ 9604 медицина қызметкері (102,17 пайыз) бірінші, 8531-і (90,76 пайыз) екінші екпені алды. Сол секілді өнеркәсіп кәсіпорындарының 3036 қызметкері (103,79 пайыз) бірінші, 2655-і (90,77 пайыз) екінші компонентті қабылдады.

Өңірде 2792 мемлекеттік қызметші (150,51 пайыз) вакцинаның бірінші, 2489-ы (134,18 пайыз) екіншісімен егілді.

Батыс Қазақстанға вакцинация басталғаннан бері 510 720 доза (275 080 доза – І, 235 640 доза – ІІ компонент) вакцина жеткізілді. Қазіргі кезде барлығы 47 егу кабинеті жұмыс жасап жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО ауруханаларында 500-ден астам науқастың коронавирустан ем алып жатқанын, соңғы төрт тәулікте 335 адамнан вирус анықталғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар