Батыс Қазақстанда 20-дан астам автокөлік қар құрсауында қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 20-дан астам автокөлік қар құрсауында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 26 желтоқсан күні сағат 18.16-да Бөрлі ауданы Дмитриев ауылы маңында болды.

ТЖ, жергілікті атқарушы органдар және басқа құрылымдардың күшімен қар құрсауында қалған 22 автокөлік тазартылған жерге шығарылды.

Автокөлік салондарында 33 адам болды, олардың бесеуі – балалар. Олар медициналық көмекті қажетсінбеді.

Осындай оқиға Ақжайық ауданы аумағында болды. Орал-Атырау жолының 90-шақырымында сағат 04.27-де «Лада Калина» автокөлігі сынып қалған. Бұл жөнінде сағат 08.06-да хабар түскен. Трассалық-медициналық құтқару бекетінің күшімен 3 адам эвакуацияланды.

Сондай-ақ Бәйтерек ауданында Үлкен Шаған-Переметный жолында сағат 06.51-де «Тойота» автокөлігі батып қалған. Қар құрсауынан 2 ересек, 2 бала құтқарылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда күшті жел бес қабатты тұрғын үйдің шатырын жұлып әкеткенін, БҚО-да тағы бір республикалық жол жабылғанын жазған болатынбыз.

Батыс Қазақстанда қатты желден колледж ғимаратының шатыры ұшып кетті.

Сондай-ақ мәдениет үйінің шатыры құлады.






Соңғы жаңалықтар