Батыс Қазақстанда 18 сынып карантинге жабылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 855 оқушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, Орал қаласы мен аудандардың бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің қаулысымен 11 мектепте 18 сынып карантинге жабылды.

Оның сөзіне қарағанда, барлық жастағы мектеп оқушылары індет жұқтыруда.

Осы кезеңде жоспардан тыс 20 тексеру жүргізіліп, 91 890 теңгеге 2 хаттама толтырылды.

«Жыл басынан бері 8091 адамнан коронавирус табылды. Індет, әсіресе, Тасқала (947, 82,9 пайыз), Бәйтерек (1193, 65 пайыз), Бөрлі (947, 35,6 пайыз) аудандарында, сондай-ақ Орал қаласында (4015, 8,5 пайыз) өршіп отыр», деді М.Арыспаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 45 мыңнан астам адамның ревакцинациядан өткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар