Батыс Қазақстанда 18 оқушы, 14 мұғалімнен коронавирус анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 18 оқушы, 14 мұғалімнен коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, оған қоса мектепке дейін балалар ұйымдарында 3 адамнан, орта арнаулы оқу орындарында 3, ЖОО-да 1 студенттен індет табылды.

Н.Мұстаевтың айтуынша, олардың бәрі де вирусты үйдегі туыстарынан жұқтырған.

Бүгін «қызыл» аймаққа кірген облыста биыл 537 науқас тіркеліп, өткен айдың осы кезеңімен салыстырғанда, 2,8 есеге өсіп кетті.

Ауырғандардың 29-ы 14 жасқа дейінгілер болса, 10-ы – 15- 17, 75-і – 18-25, 131-і – 26-40, 192-сі – 41-60 жас аралығындағылар, 100-і – алпыстан асқандар.

Сондай-ақ 229-ы немесе 42 пайызы – жұмыс істейтін тұрғындар, 149-ы (27,7 пайызы) – жұмыссыздар, 100-і (18,6 пайызы) – зейнеткерлер, 14-і (2,6 пайызы) – медицина

қызметкерлері.

Сырқаттанғандардың көбі Орал қаласында (360), сонымен қатар Бәйтерек (64), Бөрлі (59), Теректі (17) және Жаңақала (14) аудандарында тіркеліп отыр.

«Жыл басынан бері мемлекеттік шекарадан анықтамасыз өткен 184 жолаушының біреуінен коронавирус табылды.

Халықаралық жүк тасымалымен айналысатын, анықтамасы жоқ 92 жүргізушіден алынған ПТР тест олардың індетке шалынбағандығын көрсетті. Соңғы кезде коронавирустың

өршуіне байланысты санитарлық талаптар күшейтілді», деді Н.Мұстаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-ның «қызыл» аймаққа енуіне байланысты қатаң шектеу шаралары енгізілетінін, өңірде 600-ге жуық адамнан коронавирус табылғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар