Батыс Қазақстанда 18,5 млрд. теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба жүзеге асырылды

None
None
sp;ОРАЛ. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биыл 18,5 млрд. теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Руслан Сапарғалиевтің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында - 6, құрылыста - 5, индустриалды-инновациялық дамытуда - 2, көмірсутегі шикізатына қатысты - 3, инфрақұрылымға байланысты 2 жоба орындалды.

Елбасы тапсырмасына сәйкес облысты үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылып, аймақтық индустрияландыру картасы жасалуда. Аталмыш кеңес отырысында құны 64 млн. АҚШ долларын (9,6 млрд. теңге) құрайтын 23 жоба мақұлданып, аймақтық индустрияландыру картасына енгізу үшін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау, Индустрия және сауда министрліктеріне жолданды. Сонымен бірге республикалық индустрияландыру картасына енгізілген үш жоба - қуаты 54 МВт газтурбиналық электр стансасы, май өңдеу зауыты, 8640 бас ірі қараны бордақылау кешені салынуда. Оған қоса республикалық индустрияландыру картасына енгізу үшін жалпы құны 1,4 млрд. АҚШ доллары (203,6 млрд. теңге) тұратын бес жоба Индустрия және сауда министрлігіне жіберілді.

Соңғы жаңалықтар