USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда 150 млн теңге салық төлеуден жалтарған кәсіпкер сотталды

2021 жылғы 3 желтоқсан 20:12
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда 150 млн теңге салық төлеуден жалтарған кәсіпкер сотталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігі 150 миллион теңге салық төлеуден жалтарудың кезекті дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
1 қаңтардан бастап кәсіпкерлерге қандай салық жеңілдіктері ұсынылды «Қазақстан халқына» қорынан алынған қаржылай көмекке салық салынбайды Салық саясаты үкіметке де, бизнеске де түсінікті болғаны керек - Тоқаев

Салық салудың негізгі мақсаты – қоғам мен мемлекеттің дамуы үшін әртүрлі маңызды әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды іске асыру.

Көбіне бұл төлем жосықсыз кәсіпкерлердің заңсыз әрекеті салдарынан түпкі мақсатқа жетпейді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті салық төлеуден жалтару дерегі бойынша «Компания Бурлингазстрой» ЖШС -не қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Тергеу мәліметі бойынша, кәсіпорын басшысы Б.Өтегенов 2015-2019 жылдар аралығында салық декларациясына көрінеу жалған мәліметтер енгізген, осылайша 157 млн теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған.

Б.Өтегенов сотталды, сондай-ақ, коммерциялық ұйымдарда ұйымдастыру-басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға айырылды.

Осындай деректер мен экономикалық және қаржы салаларында өзге де құқық бұзушылықтар белгілі болса, БҚО бойынша ЭТД + 7 708 435 04 54 нөмірі бойынша Telegram және WhatsАpp -тағы онлайн чатқа хабарласуға болады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT