Батыс Қазақстанда 105 мыңға жуық адам жер кезегінде тұр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 104 590 адам тұрғын үй салу үшін жер кезегінде тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Өмірәлиевтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, соның 72 631-і Орал

қаласында тіркелген.

Оның сөзіне қарағанда, соңғы он жылда (2011-2021 жылдары) облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысына арналған 9064 жер телімі берілді.

«Өңірде жер телімдерін беру жұмыстары жалғасатын болады. Айталық, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Қаратөбе, Теректі аудандарында

1422 жер телімін беру жоспарлануда. Ал 2022 жылы Орал қаласы бойынша Круглоозерный кенті аумағында жеке тұрғын үй құрылысына арналған 1141 жер телімі инженерлік жүйелер өткізілгеннен кейін кезекке сәйкес табысталатын болады», деді М.Өмірәлиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Орал қаласында

дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтетінін, БҚО-да пайдаланылмай жатқан 174 мың гектар жердің мемлекетке қайтарылғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Батыс Қазақстанда 418 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.





Соңғы жаңалықтар