+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда 1 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасымен егілді

2021 жылғы 26 қараша 14:50
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда 1 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасымен егілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 1086 адам Pfizer вакцинасымен егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында Pfizer вакцинасы 9 мыңнан астам адамға салынды Қазақстанға Pfizer вакцинасының 645 мың дозасы жеткізілді Ақтөбеге Pfizer вакцинасының 40 мың дозасы жеткізілді

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның 43-і – жүкті, 451-і – бала емізетін әйелдер, 592-сі – жасөспірімдер.

Өңірде 372 адам ревакцинациядан өтті.

Осы кезге дейін облыс бойынша егілуге тиісті тұрғындардың 59,8 пайызы (247 878 адам) бірінші, 55,3 пайызы (228 971) екінші компонентпен егілді.

Орал қаласында 224 092 адам егілуі тиіс болса, соның 126 726-сы вакцина салдырды.

Пандемия басталғаннан бері сырқаттанған 39 643 адамның 37 377-сі жазылып шықты. 834 адам көз жұмды. Соның 665-і биыл тіркелді. Атап айтқанда, қаңтарда – 28, ақпанда – 15, наурызда – 30, сәуірде – 41, мамырда – 57, маусымда – 60, шілдеде – 144, тамызда – 139, қыркүйекте – 90, қазанда – 46, қарашада 15 науқас қайтыс болды. Соңғы аптада 2 адам өмірден озды.

Басқарма мәліметіне қарағанда, соңғы аптада ауырғандар саны 22,2 пайызға (40 науқасқа) төмендеді.

Күні бүгін 318 адам амбулаторлық, 118 науқас стационарлық ем алуда. Соның ішінде 10-ы жансақтау бөлімінде. Олардың біреуі аса ауыр халде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да қараша айында 690-ға жуық адамнан коронавирус табылғанын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT