Батыс Қазақстанда 1,5 мыңға жуық медицина қызметкері 192 млн теңге үстемеақы алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавируспен күрес шараларына тартылған 1494 медицина қызметкері 192 млн теңге үстемеақы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы экономикалық жоспарлау бөлімінің басшысы Асылбек Қаналиевтің айтуынша, аталмыш шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің биылғы 4 сәуірдегі №КР-ДСМ 28/2020 бұйрығына сәйкес өңірде коронавирус жұқпасына қарсы күрес шараларына тартылған медицина

қызметкерлерін қаржылай қолдауды ұйымдастыру мақсатында облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева төрағалық ететін комиссия құрылған болатын.

Аталған комиссия құрамына «Nur Otan» партиясы, медицина қызметкерлері кәсіподағы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының өкілдері енгізілді.

Комиссия шешімімен наурыз айы үшін медицина қызметкерлерінің нақты атқарған уақыты үшін 22,7 млн теңге төленді. Соның ішінде қауіптілігіне қарай бірінші

топқа кіретін 23 қызметкер 2,2 млн теңге, екінші топтағы 101 қызметкер 14,7 млн теңге, үшінші санаттағы 91 қызметкер 5,8 млн теңге алды.

Өңірде коронавирус алғаш рет 29 наурыз күні тіркелгендіктен, аталған бұйрыққа сәйкес жұқпалы аурулар ауруханасы, провизорлық және карантиндік стационар,

сондай-ақ жедел жәрдем қызметкерлері мен стационарларға науқастарды тасымалдаған бригадаларға нақты атқарған уақыты үшін үстемеақы белгіленді.

Сәуір айы үшін 167,2 млн теңге, соның ішінде бірінші топтағы 95 қызметкерге 33,9 млн теңге, екінші топтағы 298 қызметкер 58,5 млн, үшінші топтағы 826 қызметкер 74,8 млн теңге үстемеақы алды.

Сондай-ақ наурыз айы үшін қосымша 2,5 млн теңге, соның ішінде екінші топтағы 26 қызметкерге 866 мың теңге, үшінші топтағы 34 адамға 1183,5 мың теңге төленді.

«Мамыр айы үшін үстемеақы төлеу мәселесін комиссия маусымның басында бас қосып, қарастырып, шешетін болады», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Қаналиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 215 медицина қызметкеріне 22,6 млн теңге үстемеақы төленгенін, Ресейден келген жамбылдық жұмысшыдан коронавирус

табылғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар