Батыс Қазақстан жұртшылығы Астананың Нұр-Сұлтан аталуын қолдады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда Батыс Қазақстан облысының жұртшылығы Астананың Нұр-Сұлтан болып аталуын қолдап, арнайы жиын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға ардагерлер мен қала тұрғындары, негізінен жастар жиналды.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұстазы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев Елбасының Қазақстан мен оның астанасы алдындағы еңбегіне тоқталды.

«Елбасымыздың атқарған ұланғайыр істерін айта отырып, екі тұсқа ерекше тоқталғым келеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы Семей ядролық полигонын жабуы күллі әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнеге болды. Екіншіден, Ұлт көшбасшысы Қазақ елінің астанасын өз қолымен салды. Оның әр ғимаратының ерекшелігі, әр кірпіші Елбасының сын тезінен өтті. Елордада басқа сәулетті ғимараттарды айтпағанда, Назарбаев университеті салынды, өңірлерде зияткерлік мектептері іске қосылды. Мұның өзі білім беру деңгейін көтерді. Бүгінде астанамыз күллі ел мақтанатын бас қалаға айналды. Ендеше, оның Нұр-Сұлтан болып аталуы заңдылық», деді Абат Қыдыршаев.

-Қазір Қазақстан тұрақты дамып, гүлдену үстінде. Оның бүгіні еңселі, ертеңі жарқын. Мұның бәрі - Ұлт көшбасшысының салиқалы саясатының арқасы. Астана өзін тұрғызған сәулетшісінің есімін алып отыр. Сондықтан біз оны толық қолдаймыз, - деді Оралдағы №17 орта мектеп директоры Тамара Рудич.

null

Жайық жастары атынан самбодан әлем чемпионы Нұрбол Серіков сөз алды.

«Біз - тәуелсіз Қазақ елінің жастарымыз. Қазақстанның береке-бірлігін арттырып, көшін алға сүйреген Елбасының арқасында еліміздің мәдениеті мен спортын әлем таныды. Қазақ елінің көк байрағы дүние жүзінің түкпір-түкпірінде көтеріліп, Әнұранымыз орындалды. Үлкен спортқа даңғыл жол ашылды. Елбасымызға ықылас-құрметімізді осылайша білдіре отырып, алдағы уақытта да ел намысын абыроймен қорғауға ұмтылатын боламыз», деді Нұрбол Серіков.

Соңғы жаңалықтар