Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында төтенше жағдай алынып тасталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның екі өңірінде төтенше жағдайдың күші жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Павлодар облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №744 Жарлығымен енгізілген Павлодар облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың және Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 740 Жарлығымен енгізілген Батыс Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтар 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын» делінген жарлықта.

Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Соңғы жаңалықтар