Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында жел күшейеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

18 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

18 қыркүйекте күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Сол күні күндіз Көкшетау қаласында оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетуі ықтимал.

Еске сала кетсек, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында да ескерту жарияланды.


Соңғы жаңалықтар