Батыс Қазақстан прокуратурасы қылмыстық істердің заңсыз қысқартылу фактілерін анықтады

None
None
ОРАЛ. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде қылмыстық істердің заңсыз қысқартылу фактілерін анықтады,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс прокуратурасынан түскен мәліметке қарағанда, кінәлі адамдардың өкініш білдіруіне байланысты 16 қылмыстық істі қысқарту кезінде ҚР ҚК 65-бабының талаптары дұрыс қолданылмаған. Мәселен, қысқартылған 6 қылмыстық іс бойынша жанар-жағармай материалдарының бөлшек  саудасын лицензиясыз жүргізу нәтижесінде айыпталушылар тапқан 120 млн. теңге мемлекет бюджетіне түспеген. Мәселен, жеке кәсіпкер С.Асхабов жанар-жағармай құю бекетінің лицензиясыз қызметінен 52 млн. теңге көлемінде пайда түсірген. Сол секілді кеден бекеттері арқылы валютаны контрабандалық жолмен өткізу фактілері бойынша қозғалған 10 қылмыстық іс негізсіз қысқартылған. Контрабандалық тауар да мемлекет пайдасына өндірілмеген. 

Тексеру нәтижесінде барлық заңсыз шешімдердің күші жойылып, аталмыш департамент бастығы атына заңбұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізілді. Ол қаралу үстінде.

Соңғы жаңалықтар