Батыс Қазақстан облысының халқы 620,9 мыңға жетті

None
None
None

ОРАЛ. Тамыздың 22-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының халқы 620,9 мыңға жетсе, соның 278901-і - қала, 341978-і ауыл тұрғындары болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері өңір халқы 2094 адамға көбейді. Тұрғындар саны облыстың төрт ауданы мен Орал қаласында өскен.

Биылғы алты айда 5730 сәби ( өткен жылы осы мерзімде - 5462 ) дүние есігін ашса, 3132 адам ( 3215 ) өмірден өткен. Дүние салғандар арасында қан тамырлары ауруына ұшырағандардың үлесі бұрынғыша жоғары ( 48,6 пайыз ).

Соңғы жаңалықтар