Батыс Қазақстан облысының бюджеті 2,2 миллиардқа жуық теңгеге нақтыланды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті, ХІІІ сессиясында өңір бюджеті 2 млрд. 193 млн. теңгеге нақтыланды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Ерболат Жұмағалиевтің айтуынша, бұл қаржының дені әлеуметтік сала қажетіне жұмсалмақ. Атап айтқанда, 500 миллионнан астам теңге білім беру нысандарын жөндеуге бағытталса, 300 млн. теңге денсаулық сақтауға берілді. Бұл ретте 197 млн. теңге Жаңақала ауданы орталығындағы ауданаралық сауықтыру орталығы құрылысын аяқтауға бөлінді. Мұнда әскери полигондар сынақтарынан зардап шеккен өңір тұрғындары емделетін болады. Сондай-ақ 364 млн. теңге Орал қаласын одан әрі абаттандыруға кетсе, 312 млн. теңге Зеленов ауданы Белес ауылына баратын жолды реттемек.

Соңғы жаңалықтар