Батыс Қазақстан облысының әкімі депутаттар алдында есеп берді

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Тамыздың 18-інде Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті сессиясы болып, онда облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов есеп берді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев маусым айында БҚО-ға жұмыс сапары кезінде өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға бергенін атап өтіп, биылғы бірінші жартыжылдық қорытындыларына тоқталды. Батыс Қазақстан облысы мемлекетке салық жинау, өңдеу өнеркәсібі, «Жүз мектеп, жүз аурухана» және басқа бағдарламалардың орындалуы жағынан республикада алдыңғы деңгейде. Мәселен, өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары биылғы алты айда 30,9 млрд. теңгенің өнімін өндірді, мұндағы өсу қарқыны 10,1 пайызды құрайды. Сол секілді мемлекеттік бюджетке 133,2 млрд. теңге жиналып, болжам 102,5 пайызға орындалды. Басқа да оң нәтижелер бар. Әкім сонымен қатар халық қалаулыларымен бірге алда атқарылар басты шараларға да назар аударды.

Депутаттар әкімнің есебін мақұлдап, Елбасы алға қойған міндеттерді орындауда бірлесіп іс-әрекет жасайтындықтарын атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар