Батыс Қазақстан облысындағы жекелеген атауларды өзгерту мәселесі шешімін таппай отыр - сенатор Р. Ахметов

None
None
АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  ‑ Батыс Қазақстан облысындағы жекелеген атауларды өзгерту мәселесі шешімін таппай отыр.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Рашит Ахметов  осындай мәселе көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«Осы депутаттық сауалды жолдауға Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының өтініштері себеп болды. Атап айтқанда, жұртшылық Орал қаласындағы Сырым, Шыңғырлау, Қазталов аудандарына қарасты жекелеген ауылдардың, мектеп пен басқа да әлеуметтік нысандардың атауын өзгерту туралы мәселе көтерген болатын. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен мәслихаты тиісті қаулы қабылдап, бірлескен оң шешім шығарып еді. Жекелеген ауылдар мен мектептердің, әлеуметтік нысандардың атауын өзгертуге  қатысты барлық материалдар 2007 жылы ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссияға жіберілген болатын. Алайда, күні бүгінге дейін өз шешімін таппай отыр», деген сенатор Р. Ахметов, атауды өзгертуге байланысты мәселені шабандатпай, жеделдете шешуді сұрады.

Соңғы жаңалықтар