Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі ауданында төтенше жағдай жарияланды

None
Фото; БҚО ТЖД
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Су тасқынына байланысты Бөрлі ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Бөрлі ауданы әкімінің 11 наурыздағы шешімімен елді мекендерді, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын су басу қаупіне байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.



Орал қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша комиссиялық тексеруден кейін 8 тұрғын үйді су басқаны анықталды. Қазіргі уақытта барлық мекен-жайлардан су сорылды.

Орал қаласына қоса Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Сырым және Бәйтерек ауданында су сору жұмыстары атқарылып жатыр.



«11 наурыз күні тікұшақпен Орал қаласы, Тасқала және Бәйтерек аудандары бақыланды. Деркөл, Шаған және Шежін-2 өзендері мен бассейндерінің жай-күйі зерттелді. Сондай-ақ, осы өзендердің бойында орналасқан елді мекендерге мониторинг жүргізілді», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласы мен екі ауданда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жариялануы мүмкін екендігін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстанда өзендерде су деңгейі көтеріліп жатқаны хабарланды.


Соңғы жаңалықтар