Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй түгелдей жанып кетті

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй түгелдей жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға Бәйтерек ауданы Январцев ауылында болды.

«Сағат 20.15-те Совет көшесі, 39/1 мекенжайында тұрғын үй отқа оранды. 1984 жылы туған тұрғынға тиесілі үй түгелдей жанып кетті. 120 шаршы метр аумақты қамтыған өрт сағат 21.58-де оқшауландырылып, 22.08-де толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады», - деп хабарлады ведомстводан.

Аталған ауыл адамдарының сөзіне қарағанда, қазіргі кезде баспанасыз қалған тұрғынға қаржы жиналып, көмек көрсетілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында 600 тонна пішеннің жанып кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар