+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Батыс Қазақстан облысында шектеу шаралары ұзартылды

2020 жылғы 2 тамыз 20:00
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстан облысында шектеу шаралары ұзартылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында карантиндік шектеу шаралары 3 тамыздан бастап 16 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин кинобизнес саласына қалай әсер етіп жатыр Алматыда санитарлық талапты бұзған кәсіпкерлердің саны 62 пайызға артты Қарағанды облысында карантин жеңілдетілді

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2 тамыз күнгі қаулысына сәйкес, бұрынғыша сағат 23.00-ден бастап таңғы 06.00-ге дейін автокөлік қозғалысына тыйым салынды.

Сол секілді сенбі, жексенбіге келетін 8, 9, 15 және 16 тамыз күндері ашық үлгідегі азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлардың қызметі тоқтатылады. Сондай-ақ осы күндері қоғамдық көлік те жүрмейді.

Дегенмен қоғамдық тамақтану нысандарына (сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін) тек ашық ауада (жазғы алаңдар) ұжымдық іс-шараларды өткізбей (үстелдер арасында 2 метрден кем емес арақашықтықты сақтау, бір үстелге отырушылар саны 4 адамнан аспауы тиіс) жұмыс істеуге, сондай-ақ белгіленген уақыт аралығында жеткізу және шығарып беру қызметтерін жүзеге асыруға рұқсат етіледі.

Меншік нысанына қарамастан, барлық ұйымдар мен кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын батысқазақстандық дәрігерлердің «Ақжайық» шипажайында демалып жатқанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT