Батыс Қазақстан облысында мектепке жалған бомба қойылды
2022 жылғы 25 қаңтар 18:51

Батыс Қазақстан облысында мектепке жалған бомба қойылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында мектепке жалған бомба қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін Теректі ауданы Подстепный ауылындағы №1 орта мектепте болды.

Сағат 10.40-та аталмыш мектепке бомба қойылғаны жөнінде 102 нөміріне хабар түскен, бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісінде пайдаланушының парақшасында жазылған.

Барлық қызметтер оқиға болған жерге жетіп, оқушылар мен мұғалімдер мектептен түгел шығарылды.

«Ақпарат жалған болып шықты. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде. Әлеуметтік желідегі парақшаға ақпаратты 2005 жылғы жасөспірім орналастырған. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 127-бабына сәйкес хаттама толтырылды», деп хабарлады ведомстводан.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT