Батыс Қазақстан облысында көлік жолын су басып қалды

None
None
АСТАНА. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат - Күннің жылынуы, жауын-шашынның мол түсуі салдарынан Батыс Қазақстан облысында жолдарды су басып, көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

Жауын-шашынның мол түсуі мен қардың еруіне байланысты 14, 19, 57, 62, 93-ші шақырымдарда су жолдың бетіне шығып кетті. Осыған байланысты Қазталовка-Жәнібек-Ресей Федерациясының шекарасы автожолының 14-93-і шақырымдарында барлық автокөлік үшін қозғалыс шектелген. Ведомствоның таратқан мәліметтеріне қарағанда, қалпына келтіру жұмыстарына 11 жол маманы мен 4 техника жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар