+7 (701) 759 90 19
USD 405.66 EUR 454.70
RUB 5.71 CNY 57.43
Jańalyqtar

Батыс Қазақстан облысында карантин күшейді

2020 жылғы 5 маусым 20:55
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстан облысында карантин күшейді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында карантин шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның эстрада жұлдыздары той тойламай, үйде отыруға шақырды Қазақстанда қатаң шектеу шаралары тағы 2 аптаға ұзартылуы мүмкін Карантин кезінде қандай қызмет түрлеріне рұқсат бар

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаев мәлім еткендей, өңірде эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыз болуына байланысты 11 мамыр күнгі қаулыға өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, адамдарға тұрғылықты жері бойынша отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынды.

Екіншіден, осы қаулыдағы қосымшада көрсетілген рұқсат етілген қызмет түрлері тізіміне енгізілмеген барлық ұйымдар мен кәсіпорындар өз қызметін қашықтан, онлайн режимде ғана атқара алады.

Үшіншіден, бұдан былай Оралда қоғамдық көлік таңғы сағат 06.00-ден 12.00-ге дейін, кешкісін 17.00-21.00 аралығында қатынайды.

Төртіншіден, азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлар дүйсенбі-бейсенбіде сағат 09.00-13.00-де, жұма-жексенбіде 10.00-16.00 аралығында жұмыс істейді.

Бесіншіден, мейрамхана, барларда да санитарлық талаптар сақталуы тиіс, қоғамдық тамақтану орындарында кальян пайдалануға тыйым салынады.

«Құрметті тұрғындар, сіздерден халық көп жиналатын жерлерге бармауға, жиындарға қатыспауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, жабық нысандарға кіргенде бетперде тағуға шақырамыз. Егер топтық жиындар кесірінен тұрғындар арасында ауру анықталса, соған жол берген адамның заңмен қарастырылған жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», деді М.Арыспаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қарашығанақ кенішінде карантин алынғанын, өңірде ауыр халде ауруханаға түскен сәбидің беті бері қарағанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT