Батыс Қазақстан облысында екі адам суға батып кетті

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында екі ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 8 маусым күні Бөкей ордасы ауданында болды.

«Аудан орталығы Сайқын ауылынан 20 шақырым жерде көктемгі тасқын кезінде жиналған суда шомылған 36 жастағы ер адам батып кетті. Жергілікті тұрғындар сағат 18.30-дан бастап оның денесін іздестірген. Оқиға орнына құтқарушылар мен полиция қызметкерлері де барды. Іздестіру жұмыстары 9 маусымда жалғасады», - деп хабарлады ведомстводан.

Тағы бір оқиға 4 маусым күні осы ауданның Бисен ауылында болды. Сағат 18.30-да жергілікті тұрғындар 56 жастағы ер адамның денесін судан шығарып алды. Оның өлімінің мән-жайы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да полиция қызметкерінің екі баланы құтқарып қалғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Ақсай қаласында ер адам 9-қабаттан құлап, мерт болды.


Соңғы жаңалықтар