Батыс Қазақстан облысында «Даму» қорының аймақтық филиалының директоры Ж. Қабдуллинов жауапқа тартылды

None
None
АСТАНА. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қаржы полициясы органдары шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының өз қызметкерлері жасаған бірқатар қылмыстарды анықтады.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, Батыс Қазақстан облысында 2 жылға «Даму» қорының аймақтық филиалының директоры Ж. Қабдуллинов сотталды. Ол қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалануға көмектесіп отырған.

Сонымен қатар Жамбыл облысында 2 жыл бас бостандығынан шартты айыруға «Даму» қоры филиалының директоры Д. Нұралиев жауапқа тартылды. Ол кәсіпкерлік субъектісін жеңілдікпен несиелендіру барысында кепілдіктегі мүлікті бағалау туралы жалған құжатты бекіту арқылы қызметтік теріс әрекетке барған.

Соңғы жаңалықтар