Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты көлік қозғалысы шектелді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша, Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына (боран, қатты жел) орай 3 наурыз күні жергілікті сағат 20.30-дан бастап Самара-Шымкент (393-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) республикалық маңызы бар күре жолы ауыр және қоғамдық көлік түрлері үшін жабылды.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында ескерту жарияланғанын жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда тағы бір республикалық жол жабылғанын, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген аудан әкіміне сөгіс жарияланғанын жазған болатынбыз.
- Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы егілді – министрлік жауабы
- 28 қазақстандық шетелден коронавирусқа ПТР-анықтамасыз ұшып келді
- Қарағанды облысында көлігімен жоғалған ер адамды іздестіруге тікұшақ тартылды
- Нұр-Сұлтан - Теміртау трассасын басқан судың деңгейі төмендеді
-
Су тасқынынан Ақтөбеде тұрғындар эвакуацияланды
-
Түркия Президентінің назарын аударған қазақстандық оқушыға құрмет көрсетілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам