Батыс Қазақстан облысында болған өрт 3 баланың өмірін қиып кетті

None
None
АСТАНА. Қарашаның 6-сы. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданына қарасты Егіндібұлақ ауылында өртеніп кеткен жеке тұрғын үйден үш баланың денесі табылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Министрліктің хабарлауынша, түнгі сағат 1:30-да сөндірілген үйден 9 және 5 жасар егіз баланың денесі табылған. Тілсіз жау  ТЖМ Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің күшімен сөндірілген. Оған жеке құрамның 8 маманы мен 2 техникасы тартылған.

Соңғы жаңалықтар