Батыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
2018 жылғы 13 желтоқсан, 09:56

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында көктайғақтың салдарынан ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
«13-14 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында және Орал қаласының кей жерлерінде жауын-шашын болып, тұман түседі және қатты көктайғақ болады. Дауылдың ықтималдығы - 95-98%», - делінген хабарламада.
Теги:
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP