Батыс Қазақстан облысында 72 сәбиге «Сүйінші» сыйқорабы табыс етілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 16 және 17 желтоқсан күндері дүниеге келген 72 сәбидің ата-анасына Мемлекет басшысының атынан «Сүйінші» baby-бокстары табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ БҚО филиалынан мәлім еткеніндей, «Сүйінші» сыйқорабына бөбектерге қажетті заттардан басқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты, «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» естелік монетасы, баланың туу туралы куәлігі салынған.

«Дүниеге келген балаларға туу туралы куәлікті алу туралы өтінімдерді ХҚО қызметкерлері қабылдап, әрі қарай Қазақстан азаматының алғашқы құжатын ресімдеу үшін АХАТ органдарына жолдады. Демалыс күндеріне қарамай, АХАТ қызметкерлеріне туу туралы куәліктерді ресімдегені, «Қазпошта» қызметкерлеріне «Сүйінші» baby-бокстарын уақтылы жеткізгені, сондай-ақ барлық медицина қызметкерлеріне қажырлы еңбектері үшін алғыс айтқым келеді», деді «Азаматтарға арналған үкімет» облыстық филиалының директоры Нәдір Құрымбаев.


«Сүйінші» сыйқорабын Жаңақала ауданының тұрғындары Қаһарман Зинуллин мен Кәмшат Есқақова алғашқылардың бірі болып алды. Егіздердің біріне Тарғын, екіншісіне Торғын есімі берілген.

Зинуллиндер әулеті осындай қуанышты сәттерін бөліскені үшін ризашылығын білдірді.

«Қазпошта» АҚ БҚО филиалы директорының орынбасары Нұрғиса Қамашевтің айтуынша, қазіргі уақытта бокстар Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Сырым аудандарына жолданған. Кейбір аналар сыйлықтарды облыстық перинаталдық орталықта алуда.



Соңғы жаңалықтар