Батыс Қазақстан облысында 431 оқушы, 178 мұғалімнен коронавирус анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қаңтар айында 431 оқушы, 178 мұғалімнен коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, сондай-ақ мектепке дейінгі балалар ұйымында 42 адамнан, орта арнаулы оқу орындарында 24, ЖОО-да 20 студенттен індет табылды.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 5722 науқас тіркеліп, өткен айдың осы кезеңімен салыстырғанда, ауру жұқтыру көрсеткіші 18,5 есе артты.

Жас ерекшеліктері бойынша 505-і 14 жасқа дейінгі балалар болса, 156-сы – 15-17, 458-і – 18-25, 1840-ы – 26-40, 1811-і – 41-60 жас аралығындағылар, 952-сі – алпыстан асқандар.

Ауырғандардың 2653-і (46,3 пайызы) – жұмыс істейтін адамдар, 1205-і (21 пайызы) – жұмыссыздар, 860-ы (15 пайызы) – зейнеткерлер, 431-і (7,5 пайызы) – оқушылар, 178-і (3,1 пайызы) – мұғалімдер, 156-сы (2,7 пайызы) – медицина қызметкерлері.

Бұлардың көпшілігі (3073-і) Орал қаласында, сондай-ақ Бәйтерек (772), Бөрлі (686), Теректі (238) және Тасқала (185) аудандарында тіркеліп отыр.

«Соңғы аптада (21-27 қаңтар) алдыңғымен (14-20 қаңтар) салыстырғанда, індет деңгейі 26,9 пайызға (2188-ден 2997-ге) өсті. Соңғы тәулікте 513 адамнан анықталса, соның 267-сі – ауру белгісі барлар, 246-сы – симптомы жоқтар», деді Н.Мұстаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 5 мыңнан аса адамның амбулаторлық ем алып жатырғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар