Батыс Қазақстан облысында 350 оқушыдан коронавирус табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында үшінші тоқсанда 1 сәуірден бастап 350 оқушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, індет жұқтырған шәкірттердің 180-і дәстүрлі сипатта, 170-і қашықтан оқиды.

Осыған байланысты олар білім алатын мектептерде тиісті карантиндік іс-шаралар алынды.

«Облыста 1 мамырдан бері 340 адамнан індет табылды. Соның ішінде 207-сінен (60,8 пайызы) ЖРВИ белгілері бойынша дәрігерге қаралған кезде ковид анықталды. Сондай-ақ 104-і (30,5 пайызы) бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған. 26-сынан (7,6 пайызы) профилактикалық мақсатта тексерілген, үшеуінен (0,8 пайызы) стационарға жатқызар алдында сынама алынғанда, дертке шалдыққаны белгілі болды», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда инфекциялық стационарлар саны 18-ге жеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар