Батыс Қазақстан облысында 184 бала коронавирустан жазылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қыркүйек айынан бері 231 бала коронавирус жұқтырса, соның 184-і жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазіргі кезде 47 бала ем-домын жалғастыруда.

Сондай-ақ қыркүйек айынан бері білім саласының 83 қызметкерінен індет табылса, соның 62-сі емделіп шықты. 21-і ем алуда.

Пандемия басталғалы облыста барлығы 9669 адам коронавирусқа шалдықса, соның 8319-ы жазылып шықты. 174 адам көз жұмды.

Соңғы тәулікте 47 адамның індет жұқтырғаны тіркелді. 1 қаңтардан бері сырқаттанғандар саны 448-ге жетті.

Облыста 158 мониторигілік топ жұмыс істеуде. Жыл басынан бері карантин тәртібін бұзғандарға 1,1 млн астам теңгеге 22 хаттама толтырылды.

Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан «ҚПО б.в.» компаниясында 1 қаңтардан бері 11 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олардың үшеуінен вахталық кезекшіліктері басталар кезде, үшеуінен вахталық кезекшілігі аяқталғаннан кейін, бесеуінен жұмыстан тыс уақытта дәрігерге жүгінгенде табылған. 2020 жылы бұл компанияда 86 адамның ауырғаны тіркелген болатын.

Сондай-ақ Чинарев кенішіндегі «Жайықмұнай» ЖШС-да 2020 жылы 61 адамның, 1 қаңтардан бері 3 адамның ауырғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да кинотеатрлар ашылып, жекелеген сыныптар мектептен оқитынын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар