Батыс Қазақстан облысы соттарында істің қаралу сапасы артып келеді

None
None
ОРАЛ. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық соты биылғы тоғыз айдың ішінде сот төрелігін атқарудың барысын қорытындылады.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен Аманкелді Шахиннің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, жалпы отырыста алдымен Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы таныстырылды.

Биылғы тоғыз айда облыс соттарында 1487 қылмыстық іс қаралып, 1072 іс бойынша үкім шығарылды. Істің қаралу сапасы өткен жылғымен деңгейлес. Ал азаматтық істердің түсуі азайған. Өткен жылы осы мерзімде 245 іс пен 16397 арыз, биыл сәйкесінше 211 және 16288 болды. Барлық азаматтық іс мерзімінде қаралып, жұмыс сапасы жақсара түскен. Облыс соттарында, әсіресе, сот бұйрығы өндірісінде ілгерілеушілік бар. Өткен жылы тоғыз айда 712 сот бұйрығы шығарылса, биыл 1229-ға жетіп, екі еседен астамға көбейді.

Соңғы жаңалықтар