Батыс Қазақстан облысы «сары» аймаққа ауысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 26 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Қарағанды облыстары.
«Сары» аймақта: Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

Айта кетейік, кеше «қызыл» аймақта болған Батыс Қазақстан облысы бүгін «сары» аймаққа ауысты. Ал кеше «сары» аймақта болған Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысы бүгін «жасыл» аймаққа ығысты. Сонымен Қазақстанның 7 өңірі қауіпсіз аймақта тұр.


Соңғы жаңалықтар