Батыс Қазақстан облыстық тәртіптік кеңесінде мемлекеттік қызметкерлердің істері қаралып, тиісті шаралар алынды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Тамыздың 25-інде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО-дағы тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онда алдымен облыстық статистика департаменті бастығының орынбасары Аманжан Жұмановтың есебі тыңдалып, мекемеде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң талаптарын сақтауда бірқатар кемшіліктерге жол берілгені атап өтілді.

Тәртіптік кеңес БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің ұсынбасы негізінде жеке кәсіпкердің лицензиясы барлығы жөнінде дұрыс мәлімет бермей, салғырттыққа барған облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы сыртқы экономикалық қатынастар және лицензиялау бөлімі бастығының міндетін атқарушы Алмас Иқсановқа ескерту беру ұсынылса, мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын бұзып, төменгі емес, жоғары бағамен өнім әкелушілерге артықшылық жасаған Круглоозерный психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі директорының орынбасары Алмас Қадырғожин мен бас бухгалтер Хадиша Жұмашеваға қатаң сөгіс лайық деп табылды. Бөрлі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Сатым Шәуеновтің ісі жете тексерілмегендіктен, кейінге қалдырылса, жеке тұлғаның өтінішін қарау кезінде сөзбұйдаға салып, қажетті шараларды дер кезінде алмаған Теректі аудандық білім беру бөлімінің бастығы Гүлайым Асқарованың жауапкершілігін қарау аудан әкімінің құзырына берілді.

Соңғы жаңалықтар