Батыс Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің өкімімен Замир Ғабдуллин Батыс Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы болып тағайындалды.

 Тамыздың 24-інде облыс әкімінің орынбасары Ербол Салықов жаңа басшыны басқарма ұжымына таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Бұрын осы қызметті атқарған Александр Савран зейнеткелікке шықты. Облыс әкімінің орынбасары Е.Салықов ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін А.Савранға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасын табыс етті.

Замир Рамазанұлы Ғабдуллин 1958 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, 1983 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын орман шаруашылығы инженері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1975 жылы Фурманов ауданы «Фурманов» кеңшарының жұмысшысы болып бастаған ол көп жыл өңірде орман шаруашылығы саласында еңбек етті. 2005 жылдан - облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар