Батыс Қазақстан облыстық мүгедектер қоғамы жылды қорытындылады

None
None
ОРАЛ. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралдағы Жастар мәдениет үйінде БҚО мүгедектері қоғамы жылды қорытындылап, мәдени шара өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғам төрағасы Жұмажан Қожжановтың айтуынша, өңірде мүмкіндігі шектеулі 23500 адам бар. Олардың ішінде қоғам өміріне белсене араласып жүргендері де аз емес. Мәселен, Михаил Бычковский түрлі жарыстардан жүлделі оралып, облыс намысын абыроймен қорғап жүр. Шара барысында Тараз қаласында өткізілген мүмкіндігі шектеулі жандардың республикалық біріншілігінде чемпион атанған М.Бычковский, С.Бейбарысова, О.Исаевқа облыстық ішкі саясат басқармасы төрағасының орынбасары Мұратқали Төрегелдиев алғысхаттар тапсырды.

Аталмыш қоғам алдында тұрған мақсат-міндеттердің бастылары - мектеп жасындағы балаларды демеушілер арқылы арнаулы мектептерде оқыту, кәсіпкерлікті дамыту, мүгедектер мәселесін шешуге көптің назарын аудару.

Соңғы жаңалықтар