Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрінің тұсаукесер концерті қойылды

None
None
ОРАЛ. 12 сәуір. ҚазАқпарат - 11 сәуір күні Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрінің тұсаукесер концерті қойылды.

Концерттік бағдарламада әлем композиторлары И.С.Бах, Г.Телеман, Д.Драгонетти, Э.Эльгар, И.Штраус және Э.Григтың шығармалары орындалды. Сонымен қатар оркестр қазақстандық композиторлар А.Серкебаев, А.Жұбанов, Л.Хамиди, Е.Брусиловский, Қ.Мусиннің шығармаларын аса шеберлікпен орындады.

Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның залы классикалық музыканы бағалайтын көрермендерге толды.

Соңғы жаңалықтар