Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығының құрылғанына - 60 жыл

None
None
ОРАЛ. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Ақ Жайық өңірі мәдениетінің өзіндік тарихы бар.

Қасиетті жеріміз халықтың мақтанышына ие бол­ған тамаша әнші мен күй­шіні, ақын мен сазгерді шы­ғарды. Олардың қатарында қазақ саз мәдениетінің негізін қа­лаушы ұлы күйші Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Сейтек, қайталан­­бас әншілік мектептің негі­зін қалаушы Мұхит және оның дәс­­түрін жалғастырушы Ғарифол­­ла, сазгер Базарбай Жұма­ниязов, Ескендір Хасанғалиев және басқалары бар. Өңір мәдениетінің дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосып, хал­қымыздың өнер қазынасын ха­лыққа кеңінен насихаттап, ұлт­тық рухта жастарға тәр­бие беріп, өнер жолына қанаттан­­­ды­рып отырған қара шаңырақ - Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығының құрыл­ға­нына биыл 60 жыл толып отыр.

Орталық директоры Беркінғали Ғабделовтің айтуынша, облыстық мәдениет бас­қар­масына қарасты орталық не­гізінен өңірдегі 12 ау­дандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру мен спорт бөлімдерінің жұмысы мен 268 клубтық мекеме­лер­­дің, со­ның ішінде 54 ха­лық­тық және үлгілі атағы бар ұжым­­дардың қызметіне бағыт-бағдар бе­ріп, жан-жақты әдістеме­лік көмек көрсетеді. Соны­мен қатар облыстық, республикалық, ха­лық­аралық байқау­лар мен фестивальдерді, ақындар айтысын өткізіп, халық шығармашылығы жетістіктерін насихаттап отырады. Қазіргі таңда шығармашы­лық орталықтың базасында «халықтық» және «үлгілі» деген атақтары бар екі ұжым жұмыс жасайды. Оның бірі Норвегия, Румыния, Болгария және Түркия елдеріне дейін танымал болған «Ақжайық» би ансамблі болса, екіншісі - «Қызғалдақтар» балалар би ансамблі.  

Облыстық халық шығарма­шылығы орталығы мемлекеттік тапсырыс бойынша жылына отызға тарта мерекелік іс-шара және клубтық семинар-кеңес, іс-тәжірибе өткізіп жүр. Олардың ішінде дәстүрлі түрде жыл са­йын өткізілетін «Балдәурен», «Да­ла дарындары» атты балалар мен жастар шы­ғар­­машылығы фестивальдері, өңіріміздің атақты саз­­гер лерінің, әнші-күйші­лер­дің кештері бар.

Тәуелсіздігіміздің арқа­сында мәдениет саласының тарихын жаңаша парақтау­ға мүмкіндік туды. Соған орай өткенді еске алып, жаң­ғыртып, тарихымызда ізі қалған тұлғаларымыздың есім­­­­­дерін, ұлағатты істе­рін болашақ ұрпаққа жет­кізу бағытында ауқымды жұ­мыс­тар атқарылып келе­ді. Мә­­селен, Құрман­ғазы, Ди­на, Дәулеткерей, Қали, Мә­мен, Оқап, Сейтек, Әбу­бәкір, Мара­­бай­ сынды бабаларымыздың өнер­ле­рін ке­ңінен насихаттау мақсатында республикалық бай­­қаулар өту­де. Батыр­лығы­мен жауды тойтарған Махамбет пен тап­қыр­лығымен дау­­ды тоқтатқан Сырымдай да­ла кемең­геріне арна­лып мә­де­ни іс-шаралар озды­рып жүр. Мұхит Мерәліұлы Ғарифолла Құрманғалиев сынды біртуар өнер иелерінің мерейтойларына орай республи­ка­лық әншілер байқаулары бірнеше рет өтіп, асылдарымыз­дың ізбасарлары табылды. Ән­ші-саз­гер Ескендір Хасан­ғалиев­тің ән­дерін орындау­шылардың «Атамекен» халықаралық әнші­лер байқауы екі жыл сайын өт­кізіліп жүр, биыл алтыншы рет болмақшы. Сондай-ақ ақындық, азаматтық қа­сиеттерімен та­лай­ды тәнті еткен Жұбан, Қа­­дыр, Тайыр сияқты ақ­берен ақындарымыздың артында қал­ған өшпес мұраларын насихаттау бағытында да ауыз толтырып айтарлықтай көп шара өтті.

«Дүниеде өнер көп, өнерді танып, қанаттандырушы шебер көп» дегендей, осы ауқымды жұмыстар өз дәрежесінде өткізіліп, мәдениеттің сан қырлы саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, сауықшыл халқымыздың ризашылығына бө­­леніп жүрген ұжымда елеулі ең­бегімен танылған аға буын мә­дени қызметкерлері бар­шылық. Олардың ішінде «Мә­дениет қай­раткері» төсбелгілерінің иелері Есенгелді Молдағалиев, Нұргүл Бердашева, Нәбира Саинова, Райхан Көжекешовалар бар. Ал көп жыл бойы осы салада қызмет жасап, қажырлы еңбе­гімен таныла білген Әмір­жан Тасболатов, Ару Нағымова, Ба­­қыт Дәулетқалиева, Орынша Са­паровалардың жастарға берер үлгі-өнегесі мол. Осы аға буынның тәрбиесін алған, бо­ла­шағынан үміт күттіретін жас ма­мандардың қатары жыл өткен сайын көбейіп келе жатқандығы да қуантады.

«Облыстық халық шығар­ма­шы­лығы орталығы ел арасынан шыққан дарынды жандардың қызықты әрі қиын өнер жолына нық қадам басуына, сөйтіп танымал әртіс, сахна саңлағы, елдің мақтанышына айналуына себепші болып жүр», деп түйді ойын Б.Ғабделов.

Соңғы жаңалықтар