Батыс Қазақстан мен Маңғыстаудың әкімдері вакцинациямен қамтуды күшейтсін – Асқар Мамин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 57 стационар коронавируссыз пациенттерді қабылдаудың стандартты режиміне ауысты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Вирустың репродуктивтілік индексі – 0,87. Ауруханалардың жүктемесі азайды. Инфекциялық ауруханалар - 35 пайыз, жансақтау бөлімдері - 35 пайыз толған. Инфекциялық стационар ретінде жұмыс істеген 57 стационар коронавируссыз пациенттерді қабылдаудың стандартты режиміне шықты», - деді Үкімет басшысы.

Оның дерегінше, қазіргі уақытта 7,1 млн-ға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін, 6 млн адам екінші компонентін алды.

«Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әкімдері вакцинациямен қамту жұмысын күшейтсін», - деді Асқар Мамин


Соңғы жаңалықтар