Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында көлік қозғалысы шектелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының нашарлауына байланысты БҚО мен Ақтөбе облысының жолдарында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ Telegram-каналына сілтеме жасап.

8 наурыз күні елорда уақытымен сағат 14:15-те Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Самара-Шымкент» тас жолының 394-526 шақырымында, Жымпиты кенті мен Ақтөбе облысының шекарасы арасында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектеледі.

Сонымен бірге, бұл уақытта Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» автожолының 526-712 шақырымы, Батыс Қазақстан облысының шекарасы мен Күршісай кентінің арасында жүк және қоғамдық көліктер үшін шектеу салынады.

Ал «Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы» автожолының 24-99 шақырымы, Сарыжар ауылы мен РФ шекарасы аралығында автокөліктердің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.


Соңғы жаңалықтар