Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жаңа басшы таныстырылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нұрлан Серғалиев М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов университет ұжымына жаңа ректорды таныстырды. Университетті осы кезге дейін басқарып келген педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асхат Сәлімұлы Иманғалиевқа алғыс айтылды.
null

null  

Нұрлан Хабиболлаұлы 1994 жылы К.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген. Агроном, агроэколог, экономика бакалавры, биология ғылымдарының кандидаты.

Негізінен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде еңбек етіп, түрлі лауазымдық қызметтерді атқарды. Соның ішінде 2015-2017 жылдары басқарма төрағасы - ректоры болды. 2017 жылғы 5 желтоқсаннан бері басқарма төрағасының бірінші орынбасары - Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

null 

Соңғы жаңалықтар