Батыс Қазақстан экономикасына 100 миллиардқа жуық теңге инвестиция құйылды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысы экономикасына биылғы жеті айда 99 млрд. 966 млн. теңге инвестиция құйылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Осының 75940,1 миллионы шетелдік қаражат болса, 22225,9 миллионы - кәсіпорындардікі, 5618,0 миллионы - бюджеттің үлесінде. Жыл басынан бері инвестицияның 81,2 пайызы өнеркәсіпке бағытталса, 7,7 пайызы - жылжымайтын мүлікпен жұмыс, 4,8 көлік пен байланыс саласына жұмсалды.

Инвестиция сегіз ауданда, әсіресе, Ақжайықта - 19,4, Жаңақалада - 8,5, Тасқалада - 4,9, Теректіде - 3,8, Жәнібекте 3,6 есеге өсті.

Соңғы жаңалықтар