«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы бойынша жұмысқа тартылатындардың 90 пайызы қазақстандықтар болады - Көлік министрі

None
None
күйектің 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы бойынша жұмысқа тартылатындардың 90 пайызы қазақстандықтар болады.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы шеңберіндегі келісімді талқылау барысында ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгігнгі күні «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы аясындағы болжанған жаңа жұмыс орындарының маңызы зор болып отыр. Жобаға сәйкес,  2010-2011-2012 жылдары ішінде әр жыл сайын 50 мың жаңа жұмыс орны ашылатыны жоспарланып отыр. Бұдан басқа, осы құрылыс барысында аралас саланы қамтитын жұмыстар мен қызметтер де ашылады. Бұндай аралас қызметтер бойынша қазақстандық еңбеккерлерден 160 мыңға жуық адам тартылатыны да болжанады. Сонда жоба толық жүзеге асқаннан бастап жылына бұл жоба бойынша 210 мыңға жуық адам жұмыс істейді деп күтілуде. Ал бұның 90 пайызы қазақстандық жұмысшылар болады», деді министр Ә. Құсайынов.

Министрдің айтуынша, жоба аясында шетелден тек арнайы мамандар ғана шақырылады, ал қара жұмысқа шетелдіктерді тартуға тиым салынып, оған толық қазақстандықтар ғана қатысатын болады. Сонымен бірге, халықаралық дәліз болғанымен де осы  мақсатқа жұмсалған шығындарды қадағалу мен жол құрылысы сапасын тексеру жұмысын қазақстандықтардың өздері атқаратын болады. 

Соңғы жаңалықтар