«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізі бастамасына 10 жыл толды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автокөлік дәлізін құру туралы Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара түсіністік меморгандумына қол қойылғанына 10 жыл толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Есте болса, 2009 жылдың 16 сәуірінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапар жасады. Сапар аясында Елбасы ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізін құру туралы ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі мен ҚХР Коммуникация министрлігі арасында өзара түсіністік меморандумына қол қойылған еді.

Бүгінгі күні жалпы ұсындығы 8445 шақырымды құрайтын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» трансқұрлықтық дәліз үш мемлекеттің, атап айтқанда Қытай, Қазақстан және Ресейдің аумағын басып өтеді. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, 2020 жылы аталған бағдар бойынша тасымалданатын жүк көлемі 2,5 есе артатын болады. Яғни, жылына 13 млн тоннадан 33 миллион тоннаға дейін жетеді.

Қазіргі уақытта дәліз бойында жол қызметінің 277 нысаны жұмыс істеп тұр. 47 жаңа өндіріс орны құрылып, 8 қолданыстағы өндіріс кеңейтілген.

Соңғы жаңалықтар